Франциядағы террорлық әрекеттен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ - ҚР СIМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәлiметтер бойынша Франциядағы террактiде жараланғандардың қатарында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тiлшiсiне ҚР Сыртқы iстер министрлiгiнiң баспасөз қызметiнен хабарлады.
None
None

Еске салайық, 7 қаңтар күнi таңертең белгiсiз бiреулер Charlie Hebdo журналы орналасқан ғимаратта атыс ұйымдастырды. Қанды қырғын кезiнде 12 адам көз жұмды, оның iшiнде сегiз тiлшi мен бiр полицей бар. БАҚ-тың хабарлауынша, 20-дан астам адам жапа шеккен. Шабуыл жасағандар оқиға орнынан iздерiн суытқан. Франция президентi Франсуа Олланд елде үш күн аза тұту жариялады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және өзінің атынан қаза тапқандардың туған-туыстарына және барша Франция халқына көңiл айту жеделхатын жолдады.

Соңғы жаңалықтар