Францияның оңтүстігінде белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның оңтүстігіндегі Тулуза қаласында белгісіз топ көпшілік арасында атыс жасады. Шабуыл салдарынан бір адам қаза тауып, алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Franceinfo.

Францияның оңтүстігінде белгісіз біреулер адамдарға оқ жаудырды

Скутер және мотоциклмен келген шабуылшылар көшедегі бір топ адамға оқ жаудырып, артынша ізін суытқан. Күдіктілердің бірі дәстүрлі мұсылман киімінде болғандығы анықталды.

Полиция лаңкестік әрекет пен оқ жаудыруды «есеп айырысу» деп бағалап отыр. БАҚ мәліметінше, қайтыс болған азаматты полиция қызметкерлері танитын болып шықты, ол былтырғы жылы адам өлтірді деген күдікпен ұсталған болатын. 

Бұған дейін француздық Авиньон коммунасында белгісіз біреулер мешіт маңындағы адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан сегіз адам зардап шекті.