Францияның Сенатында Орталық Азия республикаларының 20 жылдығына арналған халықаралық коллоквиум өтті

ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат. 17 қарашада Француз Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы орналасқан Люксембург сарайында «Франция - Орталық Азия» сенаторлық достық тобының бастамасымен және Париждегі бес мемлекет елшіліктерінің қолдауымен «1991-2011: Франция және Орталық Азия мемлекеттері, тәуелсіздік алған 20 жылдан соң» тақырыбында халықаралық коллоквиум өтті, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Іс-шараға сенаторлық достық тобының мүшелері, Парижде тіркелінген дипломатиялық өкілдік басшылары, Орталық Азия республикаларындағы Франция Елшілері, Франция Сыртқы істер министрлігінің, дипломатиялық корпус және іскер топ өкілдері, сондай-ақ сарапшылар, қоғамдық қайраткерлер, тілшілер және студенттер қатысты.

Сенаторлық достық топ төрағасы Андрэ Дюле өз сөзінде «Орталық Азияның жас республикаларына арналған кездесуге француз қоғамының сан қырлы сала өкілдері қызығушылықтары жылдан-жылға артып келеді» деп атап өтті.

«Франция - Қазақстан» достық тобының төрағасы Эмери де Монтескью бай, болашағы бар және қарқынды дамушы өңірге, соның ішінде бірінші кезек Қазақстанға деген өз елінің қызығушылығы көп есе артқанын атады. Бұл тұрғыдағы оның сөзіне қарағанда «болашақтың өңірі» - Орталық Азиядағы өзінің болуын нығайтып, оны кеңейтуге ұмтылған әлемнің жетекші алыптарының арасында үлкен жарыс басталды. Мәдени және сауда-экономикалық желістер қиылысында орналасқан бес республиканың геосаяси және стратегиялық маңыздылықтарын атап көрсетті.

Сенаторлар мен Францияның басқа да өкілдерінің сөйлеген сөздерінде Қазақстан туралы біраз сөз айтылды . Басқосудың барлық қатысушылары француз әріптестердің дамытуға белсенді қатысуға мүдделілік танытып отырған біздің елдің маңызды әлеуеті мен өңірдегі орны аталып өтті.

Қазақстандағы Францияның Елшісі Жан-Шарль Бертоннэ назарды Еуропада біздің елді бастапқы тәуелсіздік кезеңінде және бүгін, 20 жыл өткеннен соң танып, қабылдауындағы үлкен айырмашылыққа аударды. «Көпшілік Қазақстан «балқандандыру синдромы» деп аталатынды айналып өтпейді деп санаған еді, бірақ бүгін қазақ елі тұрақты және гүлденуші мемлекет болып танылды. Мұның өзі капиталдарын салып, қазақстандық нарықта жұмыс жасайтын француз мекемелері үшін анағұрлым маңызды саналады» деді ол.

Қазақстанның өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті нығайтуға, сондай-ақ Семей ядролық сынақ полигонын жабу және әлемде төртінші орынды алған атомдық қару арсеналынан бас тарту сияқты Президент Н.Назарбаев бастамаларының қосқан үлесі аталып өтілді.

Атақты француз заңгері, профессор және Конституциялық құқық халықаралық қауымдастық төрағасы Дидье Мос бес республикадағы ішкі саяси дамуға өзінің аналитикалық шолуын жасады. «Францияның мысалы көрсетіп отырғандай демократия бір сағатта жасалмайды, ол үлкен күш-жігерді талап ететін ұзақ та, күрделі үдеріс» - деді ол.

Францияның ТМД Бас қазына басқармасы бюросының басшысы Жюльен Денорманди Орталық Азия мемлекеттерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, сондай-ақ әріптестіктің болашағына деген талдауын таныстырды. Сарапшылар Қазақстанның дамып үстіндегі экономикасы жөніндегі өлшемдері, Франциямен, жалпы Еуроодақпен инвестициялық ынтымақтастығы және сауда айналымы аудиторияны тамсантты. Ж.Денорманди француз мекемелеріне қазақстандық нарықты игеруде белсенділік танытуға шақырды. Бұл тұрғыда ол инновациялық өнеркәсіпті дамыту өте маңызды деп айтылды.

«Париж-Нантерр» университетінің профессоры Пьер Шювэнің сөйлеген сөзі де аудиторияны бей-жай қалдырмады. Ол осы өңірге барған сайын көптеген еуропалық саяхатшыларды өзіне тартушы Орталық Азияның бай, ерекше және сан алуан мәдени-тарихи мұрасы туралы әңгімеледі.

Мәдениет және білім беру тақырыбы барлық сөз алғандардың айтқандарының байланыстырушы арқауы болды. Осы бағыттарда соңғы кездері белсенді жұмыстар атқарып келе жатқан Аға Хан қоры атынан Орталық Азия университетінің Бас директоры Богдан Кравченко жиында сөз алды.

Конференция Қазақстан Республикасының Франциядағы елшісі Нурлан Дәненовтің баяндамасымен аяқталды. Елші тәуелсіздіктің 20 жылында өмірдің барлық саласындағы біздің мемлекеттің жетістіктері туралы ғана емес, сондай-ақ ғасырдың жаңа белестер тұрғысында халықаралық сахнада Қазақстанның өсіп келе жатқан рөліне тыңдаушылардың назарын аударды. Нақты мысалдар мен көрсеткіштерге сүйене отырып, Елші Франциямен стартегиялық және қалап алынған әріптестіктің даму динамикасымен таныстырды.

«Біздің екіжақты ынтымақтастығымыз Президент Н.Назарбаев пен Президент Н.Саркозидің жеке қатысуларымен ынталандырылуда. Соңғы төрт жыл ішінде өндірістік-инновациялық, ғылыми-технологиялық және мәдени-гуманитарлық бағыттарда нақты шеп бұзушылықтар орын алды. Біздің ынтымақтастығымыздың әлеуеті орасан үлкен. Мұның өзі біздің стратегиялық әріптестігіміздің динамизмінің керектігін ақтай алады. 20 жылда біз алдымызға қойылған мақсаттарға жете алатынымызды дәлелдедік, әрі біз француз әріптестерімізбен бірге осы жолды жалғастырамыз» - деді Н.Дәненов.

Соңғы жаңалықтар