Француз ховербордта ұшып рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Zapata Racing компаниясының негізін қалаушы және «Flyboard UFO» ховербордын жасаған Фрэнки Запата ховербордта ұшу алыстығы бойынша Гиннестің жаңа рекордын орнатты. Бұл туралы Gizmag хабарлады.
Flyboard UFO аталатын реактивті ховерборд (джетборд) үстінде адам тік тұрып ұшады. Ұшу аппараты шағын реактивті қозғалтқышпен жабдықталған, ол үш шақырым биіктікке көтеріліп, жылдамдықты сағатына 150 шақырымға дейін жеткізе алады. Жанар май қоры оның үздіксіз 10 минут ұшуына жетеді.
Рекордтық ұшудың ұзақтығы 2 252 метр болды. Ұшырылым уақытында Запата аспанған 50 метр биіктікке көтерілді.