Француз тарапы «Инжиниринг және технология трансферті орталығы» АҚ-мен ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытты

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - «Қазақстан-француз өнеркәсіптік-технологиялық бірлестігін құру» жобасын жүзеге асыруды талқылау мақсатымен Франция президентінің Орталық Азиядағы арнайы өкілі, сенатор Эмери де Монтескьюдің басшылығындағы француз делегациясының ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Сапар аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевпен, «Назарбаев Университеті» басшылығымен және басқа де мүдделі компания, мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесулер болып өтті.

CGG Veritas, GEP және басқа да француздық компания өкілдерімен қорытынды кездесу кеше «Инжиниринг және технология трансферті орталығы» АҚ-да болып өтті.

Француз тарапы «Инжиниринг және технология трансферті орталығы» АҚ-мен ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытатындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар