11:23, 26 Қараша 2014 | GMT +5
Франсуа Олланд ресми сапармен Қазақстанға келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз Республикасының Президенті Франсуа Олланд 5 желтоқсанда ресми сапармен Қазақстанға келеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Екіжақты кездесулер аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Францияға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.