Франция 300 ірі компанияның салығын уақытша көтеруді жоспарлап отыр

АСТАНА.KAZINFORM - Францияның жаңа премьер-министрі Мишель Барнье елдегі 300 ірі компанияның салығын көтеру ұсынысын қолдады. Ол бұл бір-екі жылға арналған «уақытша шара» екенін атап өтті.

Франция, флаг
Фото: freepik.com

Осы бейсенбіде «France 2» телеарнасының «l 'Event» бағдарламасына шақырылған премьер-министр Мишель Барнье салық мәселесіне қайта оралды.

Атап айтқанда, құны бір миллиард еуродан асатын 300 компания ғана бір-екі жыл ішінде мемлекет қазынасына көбірек салық төлеуге мәжбүр болады, - деді Мишель Барнье.

Ел билігі ағымдағы жылғы ЖІӨ-нің 6,1%-дан 5%-ға дейін төмендейтінін болжай отырып, бюджет тапшылығын болдырмас үшін 2025 жылы жалпы сомасы шамамен 60 млрд еуро шығыстарын қысқарту және салықтарды көтеру шараларын жоспарлап отыр.

- Бұл бізге жылына бюджетке шамамен 2 миллиард еуро тартуға мүмкіндік береді, - деді ол.

Үкімет жалпы алғанда, ірі компаниялар мен жеке тұлғалардың салықтарын арттыру бюджетке шамамен 20 миллиард еуро тартады деп есептейді.

Француз билігі келесі жылы әртүрлі министрліктер, жергілікті билік органдары және әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасы бойынша шығындарды қысқарту арқылы бюджетті айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Францияда жаңа үкімет бекітілген болатын.