Франция 70 жылдан кейін астық қорын жинауға кіріспек
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық тұрақсыздықтың күшеюіне байланысты Франция билігі стратегиялық астық қорын құру мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп жазады ТАСС.
Франция 1950 жылдары бас тартқан азық-түлік қорын сақтау жүйесін қайта енгізуді көздеп отыр.
Қазір Францияда шамамен 4,5 мың астық қоймасы бар. Олардың барлығындағы астық қоры елдің негізгі қажеттілігін бір ай бойы өтеуге жетуі мүмкін. Алайда астық қоймалары жеке меншік болғандықтан, иелері өнімді шетелге еркін сата алады. Бұған қоса, қоймалар арнайы күзетпен қорғалмаған.
Францияның астық өндірушілер қауымдастығы (AGPB) басшысы Эрик Тируэн билікті мемлекеттік астық қорын құру жұмысын жеделдетуге шақырды. Оның айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі стратегиялық маңызға ие.
Сондай-ақ Францияның ауыл шаруашылығы министрі Энни Женевард арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды. Топ қараша айының соңына дейін нақты ұсыныстар әзірлеуі керек.
Бұл бастама Еуропалық комиссияның Еуропалық одақ елдерін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуге шақыруы аясында талқыланып жатыр.
Айта кетейік, қазақстандық астыққа шетел сұранысы артып келеді. 2026 жылдың қыркүйек–қазан айларында ел 2,26 млн тонна жаңа өнім астығын экспортады. Әсіресе Қытай мен Ауғанстанға жеткізілім күрт өскен.