Франция бір ғасыр бұрын өлтірілген корольдің бас сүйегін Мадагаскарға қайтарды
АСТАНА. KAZINFORM — Франция Мадагаскарға үш бас сүйекті, оның ішінде 1897 жылы француз отаршылдары өлтірген король Тоэраның бас сүйегін қайтарды, деп хабарлады France 24.

Арал тұрғындары бұл оқиғаны жиырма жылдан астам күткен және бұл Францияның 2023 жылғы адам сүйегінің мемлекеттік коллекцияларға қайтарылуы туралы заңының алғашқы практикалық қолданылуы болды, деп атап өтті телеарна.
France 24 телеарнасының хабарлауынша, король Тоэра XIX ғасырдың аяғында француз отаршылдығына қарсы тұрған Мадагаскардың батыс жағалауындағы сакалава этникалық тобының жетекшілерінің бірі болған. Оның көпшілік алдында өлтірілуі аралдағы отаршылдық зорлық-зомбылықтың символына айналды.
Бас сүйек 128 жыл бойы Париждегі Адам мұражайында отаршылдық реликті ретінде сақталды. Корольдің ұрпақтары оны қайтару туралы 2003 жылы өтініш білдірді. Мәйіттердің қалдықтары Париждегі мәдениет министрлігінде министр Рашида Дати мен Мадагаскар мәдениет министрі Воламиранти Донна Маренің қатысуымен өткен ресми рәсімде Мадагаскар үкіметінің өкілдеріне тапсырылды. Қалдықтарды 31 тамызда Мадагаскарға жөнелтіледі.
Телеарна мәйіттердің қайтарылуының Мадагаскар үшін терең символдық мәні бар екенін атап өтті. Бұл Мадагаскар президенті Андрей Раджоэлинаның 2019 жылғы сайлау алдындағы уәделерінің бірі болған еді. Қалдықтар 2024 жылдың сәуір айында қайтарылады деп күтілген-тұғын, бірақ патшаның ұрпақтары жергілікті дәстүр бойынша таңдалған жыл сәтсіз деп саналғандықтан, бұл шешімге қарсы болды.
Еске сала кетейік, Францияда өрт сөндіруші тікұшақ тоғанға құлады.