Франция ЕО-ға бюрократиямен күресте белсенді болуды ұсынды
АСТАНА.KAZINFORM — Францияның Еуропа істері жөніндегі министрі Бенджамин Хаддад Еуропалық Одақтың енді бюрократия мен АҚШ-пен арадағы алшақтықты белсенді түрде қысқартуға мүмкіндігі бар екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

Ол Еуропалық Комиссияның өткен айда іске қосылған Omnibus пакеті аясында қаржы және тұрақты даму салаларындағы ережелерді жеңілдетуге күш салуын құптады.
— Егер біз Қытай және АҚШ-пен бәсекелес болғымыз келсе, ЕО бюрократиялық жолды қысқарту және ортақ нарықты біріктіру бойынша күш-жігерін түбегейлі күшейтуі керек, — деді ол POLITICO-ға.
Бірақ Еуропалық Одақ қазір корпоративтік тұрақтылық, тиісті сараптама, қаржы, қорғаныс және басқа салалардағы ережелерді реформалау процесін жеделдетіп, осы уақытқа дейін қабылдағаннан әлдеқайда батыл шараларды қабылдауы керек.
— Енді тездету керек деп ойлаймын. Omnibus TGV-ге (жылдам пойыз) айналуы керек. Комиссия тез қимылдағысы келсе, оның қолынан келеді… Енді әрекет ететін уақыт, — деді ол Францияның жоғары жылдамдықты Train à Grande Vitesse желілеріне сілтеме жасай отырып.
Omnibus пакетін ұстанып, бюрократиялық кідірісті азайтуға бағытталған қосымша қадам жасау қажет пе деген сұраққа ол былай деп жауап берді.
— Әрине. Бізге қорғанысты қоса алғанда, көптеген басқа саланы шешу қажет болады. Еуропарламент сайлауынан бері бір жылға жуық уақыт өтті. Енді біз алғашқы заң жобалары туралы (жеңілдету туралы) айта бастадық. Бізде мүмкіндік бар және біз оны пайдалануымыз керек, — деді ол.
Айта кетелік «Мұсылман бауырлар» ұйымы Францияда қауіпті деп танылды.