Франция қорғаныс шығындарын екі есе арттырады — Макрон

АСТАНА. KAZINFORM — Франция президенті Эммануэль Макрон 14 шілде — Ұлттық мереке қарсаңында дәстүрлі қорғаныс мәселелеріне арналған жолдауын жариялады.

Макрон Израильдің Иранға жасаған шабуылдарын дереу тоқтатуға шақырды
Фото: Анадолы

Э.Макрон 2026 жылы елдің қорғаныс саласына бөлінетін қаражатты 3,5 млрд еуроға, ал 2027 жылы тағы 3 млрд еуроға арттыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

– 1945 жылдан бері еркіндік ешқашан дәл бүгінгідей үлкен қауіп алдында тұрған емес. Еркін болу үшін — бізден қорқу керек. Қорқу үшін — күшті болу қажет, – деді Франция президенті.

Ол қазіргі геосаяси ахуалдың түбегейлі өзгергенін атап өтті. Оның пікірінше, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін Франция өз қарулы күштерін, қорғаныс әлеуетін және жалпы мемлекет ретінде қуатын арттыруы қажет.

– Қазіргі қақтығыстардың сипаты көпқырлы. Бұрынғыдай «фронт» пен «тыл» ұғымы жоқ. Біз, еуропалықтар, енді өз қорғанысымызды өзіміз қамтамасыз етуіміз керек, – деді Макрон.

Сонымен қатар Франция болашақтағы соғыс технологияларына — ғарыштық қорғаныс, дрон өндірісі, әуе шабуылына қарсы жүйелер секілді бағыттарға қаржы бөлуді арттыратынын жеткізді.

Бұған дейін Эммануэль Макрон Еуроодақ елдеріне Францияның ядролық күштерін бірлесіп пайдалану арқылы ортақ қауіпсіздікті нығайтуды ұсынған болатын.

Соңғы жаңалықтар