Франция мұражайынан 9,5 миллион еуро тұратын керамика қолды болды
АСТАНА. KAZINFORM – Францияның Лимож қаласындағы Адриен Дюбуше атындағы Ұлттық мұражайдан жалпы құны 9,5 миллион еуро болатын екі керамикалық тәрелке мен қытайлық ваза ұрланды, деп жазды Анадолы агенттігі.

Адриен Дюбуше атындағы Ұлттық фарфор мұражайы 18 мыңнан астам экспонатты сақтайды
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға 3 қыркүйек күні түнде болған. Ұрылар тарихи керамика үлгілері жинақталған бай коллекция қойылған мұражайдан құнды экспонаттарды алып кеткен.
Францияның мәдениет министрі Рашида Дати американдық X әлеуметтік желісінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді ұстау үшін барлық қажетті шараларды қолданып жатқанын мәлімдеді.
Адриен Дюбуше атындағы Ұлттық фарфор мұражайы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі керамикалық өнердің негізгі кезеңдерін қамтитын 18 мыңнан астам экспонатты сақтап отыр.
Бұған дейін Мелания Трамптың Словениядағы қола мүсіні ұрланған еді.