Франция президенттігіне үміткерлерге құпия әскери нысандарды аралауға рұқсат беріледі

АСТАНА. KAZINFORM – Францияның Қарулы күштер министрі Катрин Вотрен 2027 жылғы президент сайлауына қатысатын үміткерлерді жоғарғы бас қолбасшының міндеттерімен алдын ала таныстыруды жоспарлап отыр. Дайындық аясында саясаткерлерге елдің ядролық тежеу жүйесіне кіретін құпия әскери нысандардың біріне бару ұсынылады, деп хабарлайды ТАСС.

Франция тарихида иккинчи энг узоқ давом этган иссиқлик тўлқинини қайд этилди
Фото: Анадолу

Le Parisien газетінің жазуынша, Францияда қызметінен кететін президент билікті мұрагеріне тапсыру кезінде ел басқарудың аса маңызды мәселелерін түсіндіріп, ядролық тежеу күштерін басқаруға арналған құпия кодтарды береді.

Алайда алдағы сайлау қарсаңында қорғаныс ведомствосының басшысы президенттікке үміткерлерді елдің қорғанысына жауапкершілік алуға алдын ала дайындауға шешім қабылдаған.

Жақын күндері барлық үміткерге арнайы ақпараттық материалдар топтамасы жіберіледі. Оған Францияның стратегиялық тұжырымдамасы, әскери жоспарлау туралы заңның көшірмесі, президент Эмманюэль Макронның ядролық тежеу мәселелеріне қатысты сөйлеген сөздері және басқа да құжаттар енгізіледі.

Сонымен қатар 2027 жылдың қаңтарынан бастап президенттікке үміткерлерге әскери құпия санатына жататын нысандарға баруға мүмкіндік беріледі.

Атап айтқанда, Брест қаласындағы Иль-Лонг аралында орналасқан суасты қайықтарының базасы немесе Тавернидегі стратегиялық әуе күштерін басқару орталығы ұсынылуы мүмкін. Дегенмен баруға рұқсат етілетін нысандардың толық тізімі әлі әзірленіп жатыр.

Министр Вооруженных сил Франции Катрин Вотрен
Фото: wikipedia

– Бұған дейін Қарулы күштердің Бас штабындағы генералдың арнайы нұсқаулығынан өту қажет, – деді Катрин Вотрен.

Министрдің айтуынша, үміткерлер осы дайындықтан өткеннен кейін ғана әскери қызметшілермен сөйлесе алады.

Алайда оларға құпия нысандарға жасаған сапары туралы көпшілік алдында пікір білдіруге тыйым салынады.

Ал ядролық тежеу жүйесіне қатысы жоқ әскери нысандарға бару мәселесін қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен шектеулі түрде талқылауға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Франция ядролық оқтұмсық орнатылмаған стратегиялық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізген еді. 6 қазанда атом сүңгуір қайығынан ұшырылған зымыранның сынағын президент Эмманюэль Макрон бақылаған.