Франция тұрғыны үйіндегі бақтан құны 700 мың еуро болатын қазына тауып алды
АСТАНА. KAZINFORM – Франция коммунасының тұрғыны Лион қаласы маңында өзінің бағынан құны 700 мың еуроға бағаланған алтын құймалар мен монеталар тауып алды, деп хабарлайды БЕЛТА.
Невиль-сюр-Сон коммунасының тұрғыны қазынаны бассейнге арнап жер қазып жатқан кезде тауып алған. Алтынның барлығы полиэтилен пакетке ұқыптап оралған.
-Өңірлік мәдениет басқармасы бұл істі мұқият зерделеп, онда археологиялық құндылықтардың жоқ екенін анықтады. Бұл дегеніңіз қазына оны тауып алған адамдікі деген сөз,-деп жазады France Info.
Құқық қорғаушылар алтын құймалардағы белгілерге қарап, олардың 20 жыл бұрын Лионның кәсіпорындарының бірінде дайындалғанын анықтады. Олардың мәліметтеріне қарағанда, алтын заңды түрде алынған.
Үйдің бұрынғы қожайыны қайтыс болуына байланысты алтынды ол жерге кім жасырғанын білу мүмкін емес.
Осыған дейін Түркияда ірі алтын кен орны табылғаны туралы жаздық.
https://kaz.inform.kz/news/turkiyada-r-altin-ken-orni-tabildi-7aa33d/