02:10, 24 Мамыр 2024 | GMT +5
Франция ядролық оқтұмсықты тасымалдауға қабілетті зымыранды сынап көрді
АСТАНА. KAZINFORM —Франция ядролық оқтұмсықты тасымалдауға қабілетті зымыранның алғашқы сынақ ұшыруын өткізді, деп жазады ВВС.
ASMPA-R зымыраны ядролық әуе шабуылы жаттығуы кезінде Rafale истребителінен оқтұмсықсыз ұшырылды. Бұл туралы Х желісінде Франция елінің Қорғаныс министрі Себастьен Лекорню хабарлады.
Министр бөлек оқу-жаттығу баяғыда жоспарланғанын жазды. Францияда әуе және су астындағы ядролық күштер бар. Лекорню бұл жаттығу ядролық тежеу күштерінің авиациялық компонентінің мүмкіндіктерін көрсетуге арналғанын атап өтті.
Алдағы жылдары Франция әскери бюджеттің 13% -ын өзінің ядролық күштеріне, оның ішінде әуе тасымалдаушыларын жаңартуға жұмсауды жоспарлап отыр.