Францияда әйгілі Руан соборы өртке оранды

АСТАНА.KAZINFORM - Әлемдегі ең биік готикалық соборлардың бірі отқа оранды. Өрт ғимараттың құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан бөлігінде шықты. Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр,  деп жазады BILD.

өрт
Фото: t.me/BILD_Russian

BFM телеарнасы таратқан хабардан Руан соборынан қара түтін шығып жатқанын көруге болады. Соборға келушілердің барлығы эвакуацияланды.

Францияның Руан қаласындағы готикалық собор XII-XVI ғасырларда тұрғызылған. Собордың металл шпилі XIX ғасырда салынған. Собордың биіктігі-151 метр. Ол Францияның Ұлттық мұра тізіміне енгізілген.

2019 жылдың 15 сәуірінде Париж Құдайанасының соборын өртке оранған. Екі сағаттың ішінде өрт собордың готикалық шпилін, витраждарын қиратып, шатырын құлатқан еді.