Францияда криптовалюталық бизнесмендерді ұрлау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды

АСТАНА. KAZINFORM – Француз полициясы криптовалюта кәсіпкерлері мен олардың отбасы мүшелерін ұрлауға қатысты іс бойынша 20-дан астам адамды қамауға алды, деп хабарлайды BBC. 

Францияда криптовалюталық бизнесмендерді ұрлау ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды
Фото: Анадолы

Биліктің мәліметінше, қамауға алу жақында Нантта болған оқиғаны, сондай-ақ мамыр айында Парижде орын алған әйел мен баланы ұрлау әрекетін тергеумен байланысты. Бұл оқиғалар қылмыскерлердің нысанасына айналуы мүмкін маңызды криптовалюта активтері бар адамдардың қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық тудырды. 

Осы айдың басында Францияның ішкі істер министрі Брюно Ретайо криптовалюталық кәсіпкерлер мен олардың отбасыларына қарсы қауіпсіздік шараларын күшейтуге уәде берді.

Француз ақпарат құралдарының хабарлауынша, барлығы 24 адам ұсталған.

Еске сала кетсек, Парижде криптовалюталық миллионердің қызы қарақшыларға тап болған. 

Соңғы жаңалықтар