Францияда соңғы 76 жылдағы ең ірі орман өрті тіркелді

АСТАНА. KAZINFORM — Францияның оңтүстігіндегі Уаза департаментінде бір күн ішінде 16 000 гектар орманды шарпыған өрт — елдегі соңғы 76 жылдағы ең ірі орман өртіне айналды, деп жазды Report. 

Францияда соңғы 76 жылдағы ең ірі орман өрті тіркелді
Фото: Report

Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы өңірге Премьер-министр Франсуа Байрумен бірге келген Францияның ішкі істер министрі Брюно Ретайо мәлімдеді.

— Бұл өрт 1949 жылдан бері ең көп орман аумағын жойды, — деді министр.

1949 жылы Францияның оңтүстік-батысындағы Ланд-де-Гасконь тау массивінде болған орман өрті 50 000 гектар орманды жойып, 82 адамның өмірін жалмаған болатын.

Брюно Ретайоның айтуынша, қазіргі өртті сөндіруге 2150 өрт сөндіруші, 600 техника, сондай-ақ Canadair және Dash ұшақтары жұмылдырылған.

Өз кезегінде, Премьер-министр Франсуа Байру бұл жағдайды «көрілмеген ауқымдағы апат» деп атап, егер Франция билігі өз күштерімен өртті ауыздықтай алмайтынын түсінсе, ЕО-ға мүше басқа елдерден көмек сұрауы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін хабарланғандай, Франция Газа секторынан босқындарды қабылдау бағдарламасын уақытша тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар