Францияда жаңа үкіметтің құрамы белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Франция премьер-министрі Себастьян Лекорну жаңа үкімет құрамын жариялады.

Франция
Фото: Анадолы

Француз баспасөзі бұрынғы министрлер кабинетінің негізгі министрлері өз қызметін сақтап қалғаны туралы жазды. Олардың қатарында Ішкі істер министрі Бруно Ретайлод, Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро, Әділет министрі Джеральд Дарманин және Мәдениет министрі Рачида Дати бар.

Үкіметтегі жаңа тұлғалардың қатарына президент Эммануэль Макронның Ренессанс партиясынан Экономика министрі Роланд Лескур кіреді. Бұрынғы экономика министрі Бруно Ле Майр С. Лекорнуның орнына Қарулы Күштер министрлігін басқарады.

Министрлер кеңесінің бірінші отырысы дүйсенбі күні сағат 16:00–де Эммануэль Макронның төрағалығымен өтеді.

Сейсенбі күні С. Лекорну парламентте сөз сөйлеп, министрлер кабинетінің 18 мүшесі өз бағдарламаларын ұсынады деп жоспарланған.

Бұған дейін Францияда мыңдаған адам бюджетті үнемдеу шараларына қарсы шықты.

Соңғы жаңалықтар