Францияда жылдар бойы зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелді қолдау акциялары өтті
АСТАНА. KAZINFORM – Демалыс күндері Францияның ірі қалаларында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күрестің символына айналған Жизель Пеликоны қолдауға арналған митингілер өтті.
Францияны дүр сілкіндірген сексуалды қылмыстар сериясына байланысты 50-ден астам ер адам сотталып жатыр: Жизель Пеликоның күйеуі оны анксиолитиктермен есінен тандырып, бейтаныс адамдардың зорлауына жол берген.
Әйел сот жабық есік жағдайында өтпеуін талап етті.
«Ерлігіңіз үшін рахмет, құрбан болғандар емес, зорлаушылар ұялуы керек» деген ұранмен 72 жастағы Жизель Пеликоны қолдау үшін көше митингілері өтті.
Полицияның мәліметінше, сенбі күні түстен кейін Париждегі Республика алаңына Жизель Пеликоның батылдығына таңданысын білдіру үшін 3 500 адам жиналды.
Демонстрациялар Марсель, Бордо, Страсбург, Нант және Ренн қалаларында да өтті.
Жизель Пелико журналистерге оның толық аты-жөнін жариялауға, ал сотқа бейтаныс адамдар оны ес-түссіз күйде зорлаған кезде күйеуі түсірген видеоларды көрсетуге рұқсат берді.
Зорлады деген 51 адамға, оның ішінде бұрынғы жұбайы мен қылмыстық «желі» ұйымдастырушысына қарсы айып тағылды.
5 қыркүйекте Жизель Пелико полиция оны төрт жыл бұрын болған оқиға туралы айту үшін полиция бөлімшесіне шақырғаннан бері не бастан кешкені туралы алғаш рет көпшілік алдында айтты.