Франциядағы Hermès сән үйінің негізгі акционері бағбанына млрд-таған еуро мұра қалдырмақ

Француздық Hermes сән үйінің негізгі акционері, 80 жастағы Николас Пуэш бұрынғы бағбанын асырап алып, оны миллиардтаған байлығының мұрагері еткісі келеді. Kazinform агенттігі бұл туралы Еuronews.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Николас Пуэш
Фото: euronews.com

Tribune de Genève-тің хабарлауынша, былғарыдан жасалған сәнді бұйымдар брендінің 5-6 пайызына иелік ететін Пуэш өзінің байлығының жартысын «бұрынғы бағбаны әрі қара жұмысшысы», марокколық қарапайым отбасынан шыққан 51 жастағы ер адамның атына аударғысы келеді.

Жыл сайын Швейцариядағы ең дәулетті 300 адамының тізімін жасайтын Bilan журналының мәліметінше, оның байлығы 9-10 млрд швейцар франкіне (9,4-10,4 млрд еуро) бағаланады.

Hermès негізін қалаушының немересінің жоспарлары жүзеге аса ма, жоқ па, ол белгісіз.

Мәліметтерге қарағанда, Швейцарияның Вале кантонында тұратын Пуэш бала асырап алу процесіне көмек үшін адвокаттарға жүгінген. Швейцарияда ересек адамды асырап алу мүлдем мүмкін емес.

Жоспарды жүзеге асырудағы қиындықтар Пуэш 2011 жылы Женевада орналасқан Isocrates қорымен қол қойған бұрыннан бар мұрагерлік келісімге байланысты туындады. Мұрагерлік келісім өсиетнамаға қарағанда көбірек заңды күшке ие.

AFP сұхбатында Isocrates өкілдері келісімді біржақты түрде бұзуды «негізсіз» деп атады.

Қор өзіне толықтай бақыланбайтын жағдайларға байланысты қауіп төнгеніне өкініш білдірді.

«Біз мәселені әлі де талқылау үшін ашық қалдырамыз», - деп атап өтті ұйымнан.

Соңғы жаңалықтар