Франциядағы наразылық акциясында 300-ге жуық адам ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — Үкіметтің есебі бойынша, 31 қазан, сенбі күні Францияда көшеге шамамен 320 000 адам шықты, деп хабарлайды DW.
Францияның Ішкі істер министрлігі шерудің жалпы алғанда, бейбіт өткенін мәлімдеді. Бірақ бірнеше қалада, атап айтқанда Бордо, Тулуза және Марсельде кейбіреулер вандализм мен тонау әрекеттерін жасау ниетімен қала орталығына кіруге тырысқан.
Франциядағы наразылық акциялары үшінші апта қатарынан жалғасып келеді. Оларды бастапқыда білім беру сапасына наразы орта мектеп оқушылары бастады. Әлеуметтік әділеттілік үшін наразылықтар Германияда, Испанияда, Италияда және Португалияда да өтіп жатыр. Лиссабонның орталығында тұрғын үй дағдарысына наразылық білдіру үшін мыңдаған адам жиналды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 31 қазанда Gen Z regelt (Z буыны шешеді) бастамасының аясында Германияның 30-дан астам қаласында жастардың ауқымды демонстрациясы өтті.