Франциядағы синагогаға шабуыл жасады деген күдікпен Алжир азаматы ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM – Францияның оңтүстігіндегі синагогаға шабуыл жасады деген күдікті Ним қаласында қамауға алынды. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылшы Алжир азаматы, деп жазады Еuronews.

нападение на синагогу во Франции
Фото: x.com/GabrielAttal

Францияның Ла Гранд-Мотт қаласындағы синагогаға шабуыл жасаған ер адамды іздеуге 200-ге жуық полиция мен жандарм жұмылдырылды. Күдікті Ним қаласында ұсталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол 33 жастағы Алжир азаматы. Полиция операциясы кезінде ер адам тәртіп сақшыларына оқ жаудырған. Шабуылшының өзі полицияның оғынан жарақат алған.

Күдіктімен байланыста болған тағы бірнеше адам қамауға алынды.

24 тамызда Ла Гранд-Моттедегі Бет Яаков синагогасының жанында екі көлік өртеніп, жарылыс болды. Бір муниципалды полиция қызметкері жарақат алды. Шабуыл кезінде ғимаратта болған бес адам зардап шеккен жоқ.

Билік шабуылды қатаң айыптады.

«Француздық еврейге шабуыл жасау - барлық француздарға шабуыл жасау саналады, өйткені бұл біздің отандастарымыздың біріне, оның сеніміне байланысты шабуыл, өйткені Франция, біздің республика, олардың сеніміне қарамастан, барлық отандастарын қорғайды», - деді Францияның премьер-министрі Габриэль Атталь.

Осы шабуылдан кейін үкімет полиция қызметкерлеріне синагогаларды, еврей мектептері мен дүкендерін қатаң күзетуге бұйрық берді.

Осыған дейін синагоганы өртемек болған адамды Францияда полициясы атып өлтіргенін жаздық.