12:32, 06 Тамыз 2025 | GMT +5
Францияның қарызы секунд сайын 5 мың еуроға артып келеді
АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Франсуа Байру видео үндеуінде Францияның экономикалық жағдайы нашарлағанын айтты, деп хабарлайды haqqin.az.

Сондай-ақ ол Францияның қарызына тоқталды.
— Күндіз-түні, секунд сайын Францияның қарызы 5 мың еуроға артып келеді, — деді ол.
Елдің мемлекеттік қарызы 3,4 триллион еуроға жеткені атап өтілді.
Премьер-министрдің айтуынша, шамадан тыс берешек Франция экономикасы үшін басты қауіп болып табылады, шығындарды азайту үшін шұғыл шаралар қажет.
Францияның жалпы ішкі өнімі 2024 жылы 3,16 трлн долларды құрады. Яғни, елдің мемлекеттік қарызының көлемі оның экономикасынан асып кетті.
Еске сала кетейік, Франция Газа секторынан босқындарды қабылдау бағдарламасын уақытша тоқтатты.