Францияның қорғаныс министрлігі Украинаға барлау деректерін беретінін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл туралы Франция қорғаныс министрі Себастьен Лекорню Вашингтон Киевпен барлау мәліметтерімен алмасуын тоқтатқанын жариялаған күннің ертеңінде айтты, деп жазады Reuters.

Франция, флаг
Фото: freepik.com

— Бізде украиналықтарға көмектесу үшін қолданатын барлау ресурсы бар. Бұл процесс (АҚШ барлау ақпаратын Украинамен бөлісу) кешеден бері тоқтатылды. Менің ойымша, АҚШ барлау қауымдастығының бөлігі саналатын британиялық достарымыз үшін жағдай күрделірек, — деді Лекорню France Inter-ге берген сұхбатында.

Лекорню сонымен қатар Францияның қырғи-қабақ соғыстың алғашқы жылдарында құрылған және сол кездегі үстем державалар Вашингтон мен Мәскеуден тәуелсіз дамыған ядролық арсеналының жеткілікті екенін атап өтті.

Айта кетейік, АҚШ Украинаға әскери және барлау көмегін Дональд Трамп пен Владимир Зеленскийдің Сопақ кеңседегі шиеленіскен қоғамдық пікір алмасуынан кейін тоқтатқан болатын.

Бұған дейін ҚазАқпарат агенттігі АҚШ-тың Украинаға көрсеткен барлау көмегі туралы жазған болатын.

Соңғы жаңалықтар