Францияның мемлекеттік қызметшілері Олимпиада ойындарында жұмыс істегені үшін «бонус» алады

Олимпиада
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

ПАРИЖ. KAZINFORM – 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиадаға қатысатын француз мемлекеттік қызметшілері үшін 500-ден 1500 еуроға дейін бонустық төлемдер төленеді. Бұл туралы сенбі күні елдің Мемлекеттік қызмет министрі Станислас Герини мәлімдеді.

Бұл хабарландыру екі француз кәсіподағы CGT және FO Олимпиада ойындары кезінде ереуілге шығуға ниетті екендерін білдіргеннен кейін жасалды.

Дегенмен, министр С.Герини бүкіл ел олимпиада ойындары кезінде ереуіл болғанын қаламайтынын айтты.

- Бұл сәт ұлтымыз үшін жетістік болуы керек, - деді француз министрі.

Ол іс-шаралар кезінде жұмылдырылған мемлекеттік қызметкерлерге «бонустар» берілетінін, оның мөлшері 500-ден 1,5 мың еуроға дейін болатынын айтты.

Сонымен қатар, Францияның ішкі істер министрі Жеральд Дарманен Олимпиада нысандарын қорғауға қатысатын құқық қорғау қызметкерлеріне шамамен 1900 еуро төленетінін мәлімдеді.

Франциядағы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында, ал Паралимпиада ойындары 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар