00:09, 10 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Францияның жаңа премьер-министрі тағайындалды
АСТАНА. KAZINFORM - Франция президенті Эммануэль Макрон сейсенбіде Қарулы Күштер министрі Себастьен Лекорнюді өзінің жаңа премьер-министрі етіп тағайындады, деп хабарлайды France 24.
- Президент оған ел бюджетін қабылдау және алдағы айларда шешім қабылдау үшін қажетті келісімдерге қол жеткізу мақсатында Парламентте ұсынылған саяси күштермен консультациялар өткізуді тапсырды. Осы талқылаулардан кейін жаңа премьер-министр Республика Президентіне үкімет жобасын ұсынуы тиіс, - деді Президент Әкімшілігі.
Айта кетейік, 8 қыркүйекте француз депутаттары премьер-министр Байруға сенімсіздік білдірді.
Францияның келесі премьер-министрі кім болуы мүмкін екенін жазған едік.