Француз фермері құны 4 млрд еуро болатын алтын арқауын тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Ер адам бұлақ бойымен келе жатып, суда жылтыр бір нәрсені байқаған. Сәл қазған ол алтын ақрауына тап болды, деп хабарлайды mirror.co.uk.

Француз фермері Мишель Дюпон жерден ағып жатқан бұлақ бойымен келе жатқанда судан алтын тапты. 150 тонна асыл металдың қоры 4 млрд еуроға бағаланып отыр.
— Мен өзімнің жер теліміне жоспарлы тексеру жүргізіп жатыр едім. Сол кезде мен біртүрлі жарқыл көрдім. Тереңірек қазғанымда, қолымдағы нәрсеге сене алмадым, — деді шаруа.
Француз үкіметі дереу араласып, шаруаның тапқан алтынын тәркіледі. Заң бойынша ол мемлекет иелігіне өтуі керек. Егер Дюпон өз жерінде кен өндіруді қаласа, ол үкіметтен рұқсат алуы тиіс.
Мишель Дюпонның айтуынша, алтын кені ашылғаннан кейін оның жерінің айналасындағы аумаққа сұраныс күрт өскен.
Табылған алтын кеніштеріне қатысты жергілікті халықтың пікірі екіге жарылды. Кейбіреулер осы маңайдан асыл металды ауқымды өндіру басталса, қоршаған ортаға зиянын тигізеді деп алаңдайды. Басқалары жағдайды оң деп санайды, өйткені бұл жаңа жұмыс орындарын ашуы мүмкін.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Мұсылман бауырлар» ұйымы Францияда қауіпті деп танылғанын жазған едік.