Фридрих Мерц Украинамен ынтымақтастық жоспарын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Берлин қаласында Германия канцлері Фридрих Мерц пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Фридрих Мерц
Фото: facebook.com/dw.russian

Неміс БАҚ-тарының мәліметінше, жаңа канцлер Германияның Украинаға әскери және экономикалық салада қолдауын кеңейтуге ниетті екенін растады.

Мерцтің атап өткендей, келіссөздер барысында тараптар қорғаныс министрлері қол қоятын бірлескен декларациядан басталатын «жаңа форматтағы әскери-өнеркәсіптік ынтымақтастықты» талқылады.

Владимир Зеленский Киевке келгені үшін Фридрих Мерцке алғыс айтып, Германияға әскери көмегі үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол Германия бизнес өкілдерін Украинаны қалпына келтіру процесіне белсенді қатысуға шақырды.

Фридрих Мерц өз кезегінде Украинамен ынтымақтастықтың бес тармақтан тұратын жоспарын ұсынды. Негізгі бағыттар қатарында – биылғы жылдың соңынан бастап Берлин мен Киев арасындағы үкіметаралық тұрақты консультацияларды іске қосу, экономикалық әріптестікті тереңдету және АҚШ-тың қатысуымен бітім идеясын ілгерілету мәселесі де бар.

Осыған дейін Еуроодақ көшбасшылары Мерцті Германия канцлері болып сайлануымен құттықтағанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар