20:55, 20 Наурыз 2025 | GMT +5
Фристайл-акробатикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы фристайл-акробатикадан Энгадинде (Швейцария) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады. Бұл туралы ҰОК хабарлады.

Ел құрамасының бес өкілі әлемдік біріншілікте өнер көрсетуге мүмкіндік алып отыр. Энгадинде өтетін жарыста Шерзод Хаширбаев, Уланбакир Умурзаков, Дінмұхаммед Райымқұлов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас бақ сынайды.
Айта кетейік, фристайл-акробатикадан Швейцарияда өтетін әлем чемпионаты 27 наурызда басталады.
Бұған дейін Қазақстан ски-альпинизмнен Азия кубогы кезеңінде төрт алтын медаль жеңіп алғанын жазған едік.