Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай

АСТАНА. KAZINFORM –  Фристайл-акробатикадан Қазақстанның ерлер құрамасы Финляндияның Рука қаласындағы Еуропа кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады.

Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижелері
Фото: olympic.kz

Жарыстың екінші күні ел намысын үш спортшымыз қорғады. Нәтижесінде Роман Погосян 11-орынға ие болды. Максим Попов жарысты 16-орында аяқтаса, Әмірлан Кәрімбаев 17-орыннан көрінді.

ҚР ҰОК мәліметінше, жеңіс канадалық Габриэль Дионға бұйырды. Екінші орынды Канада өкілі Эллиот Премье иеленді. Ал қола жүлдені Швейцария спортшысы Андрин Лабер жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамаға шетелдік маман алдыру үшін келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар