16:59, 17 Наурыз 2025 | GMT +5
Фристайл-могулдан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM — Фристайл-могулдан Энгадинде (Швейцария) өтетін әлем чемпионатына Қазақстаннан кімдердің қатысатыны белгілі болды.

Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Қазақстан құрамасының бапкерлік штабы жеті спортшыға сенім артты.
Жылдың ең басты жарысында ел намысын Юлия Галышева, Анастасия Городко, Юлия Феклистова, Павел Колмаков, Антон Бондарев, Федор Бугаков, Максим Емельянов қорғайды.
Іріктеу кезеңі 18 наурызда өтеді. Негізгі жарыстар 19 наурызда басталады. Параллель могулдағы жүлделер 21 наурызда сарапқа салынады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анастасия Городконың әлем кубогының қола медаліне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.