Фристайл могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Анастасия Городько жеңімпаз атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Фристайл могулдан Италияның Кьеза-ин-Вальмаленко қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Анастасия Городько топ жарды.

фристайл могул
Фото: sport.kz

Жарыс барысында қазақстандық спортшы жоғары нәтиже көрсетті. Нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыс нәтижесі төмендегіше:

1. Анастасия Городько (Қазақстан) - 71.89 ұпай

2. Марин Ито (Жапония) - 71.35 ұпай

3. Юма Тагучи (Жапония) - 69.96 ұпай.

Бұған дейін Анастасия 2022 жылы дәл осы әлем чемпионатында паралель могулдан жеңімпаз атанған еді.

Аталған әлем чепионатында оған қоса могул мен командалық параллельді могулден күміс медаль алып қайтты.

Сондай-ақ, ол 2022 жылы Қытай астанасы Бейжің қаласында өткен Қысқы Олимпиадаға небәрі 16 жасында қатысып, 11-орынға тұрақтаған еді.

Анастасия Городько 2005 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Бес жасынан бері спортпен айналысады. Алғашқы бапкері - Виктор Рейхерд.

Соңғы жаңалықтар