Фристайлдан Әлем кубогының кезеңі: Ю.Галышева могулда үшінші орында

ӨСКЕМЕН. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Галышева 15 наурыз күні Швецияның Оре қаласында өткен фристайлдан Әлем кубогының кезеңі аясында үшінші орын алды.
None
None

Өскемендік спортшы қыздан америкалық Хизер Макфи мен Илайза Ауттрим басым түсті.

Тағы бір қазақстандық спортшы Дария Рыбалова бұл кезеңде 25-інші болды.

Жеке-жеке сындарға бөлінетін фристайлдан Әлем кубогының жалпы есебінде Ю.Галышева могулда - 11-інші (288 ұпай). Бұл сынның көшбасшысы канадалық Жюстин Дюфур-Лапойнтта 55 ұпай бар.

Соңғы жаңалықтар