ФТБ қызметкерлері Детроит маңында Хэллоуин мерекесінде жасалуы тиіс терактінің алдын алды

АСТАНА. KAZINFORM – Федералды тергеу бюросының (ФТБ) қызметкерлері бір топ жастың демалыс күні Хэллоуин мерекесінде жасамақ болған терактінің алдын алды, деп хабарлайды BILD.

ФБР
Фото: BILD

ABC News телеарнасының хабарлауынша, агенттер Детроит маңында бірнеше күдіктіні ұстады. Олардың жастары 16 мен 20 аралығында. Олар атыс қаруымен жаттығу жасап, «Pumpkin day» («Асқабақ күні») деген атаумен код берілген шабуылды талқылаған.

ФТБ директоры Каш Паттель тергеушілердің шабуыл дайындаған топтың Ислам мемлекеті террористік ұйымымен байланысы болуы мүмкін екенінен күдіктеніп отырғанын айтты. Қазіргі таңда күдіктілердің экстремистік ресурстарға кірген-кірмегені тексеріліп жатыр.

ABC News мәліметтерінше, екі адам тұтқындалып, тағы үшеуі тергеуге жеткізілді. ФТБ қызметкерлері қазір тұрғындар үшін ешқандай қауіптің жоқ екенін мәлім етті.

Осыған дейін Иерусалимдегі терактіде алты адам қаза тапқаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар