ФТБ Трампқа қатысты тергеу жүргізген бөлімді таратады

АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ Федералдық тергеу бюросының Вашингтондағы бөлімі арнайы өкіл Джек Смитке президент Дональд Трампқа қатысты тергеу жүргізуге көмектескен мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықпен күрес бөлімінің жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды NBC News.

 ФТБ Трампқа қатысты тергеу жүргізген бөлімді таратады
Фото: fbijobs.gov

«CR15» деп аталатын бөлімше Трамп және оның одақтастарының 2020 жылғы сайлау қорытындыларын жою әрекетін тергеді. Бұл тергеу Трампқа қарсы екі федералды қылмыстық істің біріне әкелді, олардың екеуі де ол сайланғаннан кейін тоқтатылды.

Бөлімшені жабу туралы шешім ФТБ ресурстарын АҚШ-тың Миграия және кедег полициясының құзырындағы миграциялық бақылауға қарай бөлу жұмыстары аясында қабылданды.

- Менің бақылауым ФТБ CR-15 бөлімшесі әсіресе президент Трамп пен оның одақтастарына қарсы біржақты саяси шабуылдарды жүзеге асыру үшін пайдаланғанын қайта-қайта көрсетті. Мен бөлімшенің заңға қайшы әрекеттерін әшкерелегеннен кейін оның жабылғаны жақсы жаңалық, - деді Сенаттағы Заң комитетінің төрағасы Чак Грассли (Айовадан республикашыл) өз мәлімдемесінде.

Трамп және оның одақтастарының 2020 жылғы сайлау қорытындыларын жою әрекеттеріне қатысты тергеу Трамп 2024 жылғы президенттік сайлауға қатысу ниетін жарияламас бұрын, 2022 жылдың сәуірінде басталды. Трамп өзінің сайлауалды науқанын бастағаннан кейін бұрынғы бас прокурор Меррик Гарланд 2022 жылдың соңында Смитті арнайы кеңесші етіп тағайындады.

Трампқа 2023 жылдың тамызында айып тағылды, бірақ сот апелляциялық шағымдарға байланысты кейінге қалдырылды, ақыры Жоғарғы Сот Трампқа президент ретінде қабылдаған ресми әрекеттері үшін иммунитет беру туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін АҚШ Конгресінің Сенаты Кэш Пателдің кандидатурасын АҚШ Федералды тергеу бюросының (ФТБ) директоры лауазымына бекіткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар