07:17, 05 Сәуір 2017 | GMT +5
«Fun Horns» неміс квартеті Қарағандыда өнер көрсетеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 5 сәуірде Қарағандыда Германияның «Fun Horns» музыканттарының концерті өтеді.

30 жылдан бері өнер көрсетіп жүрген квартет Еуропа, Оңтүстік Америка және Ресейдің көптеген мемлекеттерінде гастрольмен болған.
Топ құрамына Николаус Нойзер (труба, флюгергорн), Фальк Брайткройц (тенор-саксафон, бас-кларнет), Йорг Хуке (тромбон), және Фолькер Шлотт (саксафон) кіреді.
«Fun Horns» концерті қаладағы «Шалқыма» залында сағат 18:30-да өтеді.