17:03, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Фунт пен еуро бағамдары төмендеуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания халқының Еуроодақтан шығуына байланысты шешімінен кейін фунт пен еуроның бағамдары төмендеуде деп хабарлайды Утро.ру.

Еуропаның биржаларында фунт стерлингтің долларға деген бағамы 1,3676 долларынан 1,3391 долларға дейін, ал еуроның бағамы 1,1116-дан 1,1020 долларға дейін төмендеген.
Доллар индексі (доллар бағамының АҚШ негізгі серіктестерінің алты валютасына алғанда) 0,23% көтеріліп, 96,13 пунктті құрады.