Футбол: 13-ші турдан кейін көш басындағы командалардың текетіресі күшейе түсті

АСТАНА. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кеше футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 13-ші туры өтті.
None
None

Бұл турдың орталық кездесуі көш басындағы командалар - Қарағандының «Шахтері» және Қостанайдың «Тобылы» арасындағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Ұпай санын арттыру үшін өздеріне берілген бұл мүмкіндікті Павлодардың «Ертіс» командасы ұтымды пайдаланды, олар өз алаңында Астананың «Локомотив» командасын 3:1 есебімен жеңді. Сөйтіп 13-ші турдан соң көш басындағы командалар арасындағы текетірес күшейе түсті. Қазір «Тобылда» - 26, «Ертісте» - 25, ал «Шахтерде» - 24 ұпай бар. Маусымды сылбыр бастаған, өткен маусымдағы ел чемпионы - «Ақтөбе» биыл да бас жүлдеден дәмелі. Олар соңғы турда Талдықорғанның «Жетісу» клубын қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Сөйтіп 22 ұпаймен 4-ші орынға көтерілді. Бұл турдағы қалған матчтардың нәтижелері мынадай: «Тараз»-«Ордабасы» 0:0, «Оқжетпес»-«Қайрат» 0:1, «Атырау»-«Ақжайық» 2:0.

Соңғы жаңалықтар