Футбол: «Ақжайық» командасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралды

ОРАЛ. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасында өнер көрсеткелі отырған Оралдың «Ақжайығы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан оралды.
None
None

Тәжірибелі қазақстандық бапкер Бауыржан Баймұхамедов жаттықтыратын «Ақжайық» құрамында - барлығы да жергілікті футболшылар. Оралдан 12 желтоқсан күні аттанып, 28 желтоқсан күні оралған олар Түркиядағы жаттығудың босқа кетпегенін айтады. «Күніне екі рет жаттықтық. Бірнеше командамен жасыл алаңға шықтық. Түркияның бір командасын 4:2 есебімен ұтсақ, «Аланияспорға» 1:2 есебімен есе жібердік. Ал 2013 жылы премьер-лигаға жолдама алған Қызылорданың «Қайсарымен» 0:0 есебімен тең ойнадық. Жаттығу жиыны қаңтар айында жалғасады. Командаға жаңа ойыншылардың алыну-алынбауы да, әрине, қаржыға байланысты», - деді команданың 1992 жылғы жас ойыншыларының бірі Азамат Хасанов.

Соңғы жаңалықтар