Футбол: «Ақжайық» өз алаңында «Ертіске» есе жіберді

ОРАЛ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» бүгін П.Атоян атындағы стадионда Павлодардың «Ертісін» қабылдады.
None
None

Биылғы чемпиондықтан үміткер командалардың бірі «Ертіс» ойын тізгінін бірден қолға алды. Әсіресе, мергендер көшін бастап келе жатқан өзбек шабуылшысы Ұлықбек Бақаев қауіп төндіре бастады. Ақыры 15-минутта ол допты баспен алаң иелерінің қақпасына дәл бағыттай білді.

«Ақжайық» қарымта қайтаруға тырысып-ақ бақты. Көп ұзамай мергендер тізімінде екінші орындағы белорус легионері Игорь Зенькович соққан доп қақпа маңдайшасынан кері қайтты. «Ертістің» де доп соғатындай мүмкіндіктері болды.

Екінші таймда батысқазақстандықтар бапкері Йозеф Шкрлик бірнеше ойыншыны алмастырғанымен, көздеген мақсатына жете алмады. Алаң иелерінің тұсаулы аттай кібіртіктеп, бір-бірімен түсінісе ойнау алмауы көрініп тұрды. Тіпті чехиялық Павел Черны ұрымтал тұста бос қалған қақпаны тура көздей алмай, пұшайман болды.

Сөйтіп 1:0 есебімен жеңіске жеткен «Ертіс» турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды.

Соңғы жаңалықтар