ФУТБОЛ: «Ақжайық» соңғы турда тең ойнаса да, премьер-лигаға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті туры күтпеген нәтижелермен аяқталды.
None
None

Sports.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, премьер-лига жолдамасынан үміткер Петропавлдың «Қызылжары» Астанада аяқ астынан турнир кестесінде соңғы орындардың бірінде келе жатқан «Бәйтеректен» 1:2 есебімен ұтылып қалды. Мұнда «Қызылжардың» бұрынғы ойыншысы Игорь Попадинец қос бірдей доп соғып, петропавлдықтардан «өш» алды. Ал турдың орталық матчында Теміртаудың «Болаты» өз алаңында Өскеменнің «Востогына» 1:2 есебімен есе жіберді. Сөйтіп 1 қараша күні өтетін соңғы турдың алдында Оралдың «Ақжайығы» есебінде 50 ұпай болса, екінші орындағы «Болат» 48 ұпаймен қалды. «Восток» 47 ұпаймен үшінші орынға көтерілсе, төртінші сатыдағы «Қызылжардың» 46 ұпайы бар. Сонымен, «Ақжайыққа» премьер-лигаға шығу үшін «Болатпен» өз алаңында өтетін соңғы кездесуінде тең ойнаса да, жетіп жатыр. 1 қараша күнгі турда сондай-ақ «Қызылжар» Ақтаудың «Каспийін», «Восток» «Екібастұз» командасын қабылдайды. Еске сала кетейік, «Ақжайық» футбол клубы соңғы матчта автокөлік, туристік жолдама сынды бағалы бұйымдарды ойнатқалы отыр.

Соңғы жаңалықтар