Футбол: Алғашқы турда «Астана» мен «Қайрат» жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елімізде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің алғашқы туры басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазірге дейін үш ойын мәресіне жетті. Алматыда елордалық «Астана» Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдады. Естеріңізге сала кетелік, елордалық клуб «Астана-арена» стадионының дайын болмауына байланысты өз алаңындағы ойындарын бірінші айналымда Алматы қаласындағы «Жас қыран» стадионында қабылдайды. Бүгін «Астана» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті. Ойында олардың қатарынан Пиерос Сотириу 51, 82-минуттарда қос голдың авторы атанса, Рунар Сигурьонсон 88, Марин Томасов 90-минутта қанжығасын майлады.

Алматылық «Қайрат» өз алаңында «Тараз» командасын 2:1 есебімен жеңді. Алматылықтар қатарынан 24 минутта Конрад Вржещиньский гол соқса, «Тараз» сапынан Нилс Цатл таразы басын теңестірді. Жеңіс голын 83-минутта алматылық шабуылшы Абат Айымбетов соқты.

Шымкентте жергілікті «Ордабасы» Көкшетаудың «Оқжетпес» командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Оны 57-минутта Рубен Бриджидо өзінің еншісіне жазды.

Бүгін тағы бір ойын өткізіледі. Қостанайда жергілікті «Тобыл» мен Қарағандының «Шахтері» арасындағы арасындағы кездесу елорда уақытымен 17.00-де басталады.

Ал 8 наурызда Қызылордада «Қайсар» мен Павлодардың «Ертісі», Ақтауда «Каспий» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары кездеседі https://kaz.inform.kz/news/bugin-futboldan-el-birinshiligi-bastalady_a3622457
Соңғы жаңалықтар