Футбол: Англия Премьер-лигасы қайта жалғасын тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Англия Премьер-лигасы қайта жалғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағылшын клубтары соңғы 29-турды 7-9 наурыз күндері өткізген болатын. Коронавирус инфекциясы қаупінің алдын алу мақсатында қалған тур ойындары белгісіз мерзімге кейінге шегерілген еді.

Бүгін жанкүйерлер «Манчестер сити» мен «Арсенал» арасындағы кездесуді күткені белгілі. Бұл ойында «Манчестер сити» қарсыласын 3:0 есебімен тас-талқан етті. Олардың сапынан Рахим Стерлинг 45, Кевин Де Брёйне 51, Филип Фоден 90-минуттарда бір-бір голдан соқты.

Сондай-ақ, бүгін «Астон Вилла» мен «Шеффилд Юнайтед» клубтары арасындағы ойында 0:0 есебі тіркелді. Аталған турдағы қалған ойындар енді 19-21 маусым аралығында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, қазір турнир кестесінде 82 ұпаймен «Ливерпуль» командасы келеді. Олар енді қатарынан екі ойында жеңіске жетсе, чемпиондық атаққа бірнеше тур бұрын қол жеткізеді. «Ливерпуль» мұндай мәртебеге соңғы рет 1990 жылы ие болған еді.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалдық кезеңі қалай өткізілетіні хабарланды.


Соңғы жаңалықтар