Футбол: «Астана» - «Динамо Тбилиси» кездесуі қай телеарнадан көрсетіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысындағы «Астана» - «Динамо Тбилиси» кездесуінің қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл кездесу 12 шілдеде елордадағы «Астана-арена» стадионында өткізіледі. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде елорда уақытымен 19:50-де басталады.
Екі команда арасындағы қарымта кездесу 19 шілдеге белгіленген.
Жеңімпаз ұжым екінші іріктеу сатысында «Динамо Загреб» командасымен шеберлік байқасады. Ойын 25 шілде және 1 тамыз күндері болады.
Айта кетсек, «Астана» 2015-2016 жылғы кезеңде аталған турнирдің топтық кезеңінде ойын көрсетті.
Ал, 2016, 2017, 2018 жылдарда Еуропа лигасы топтық кезеңінде сынға түсті.