Футбол: «Астана» халықаралық турнирде қай күндері ойнайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» қатысатын 2020 жылдың ақпан айында Португалияда өтетін футболдан халықаралық «Atlantic Cup» жолдастық турниріндегі ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, 31 қаңтар және 5 ақпан аралығында «Астана» А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Данияның «Брондбю» және «Копенгаген», Швецияның «Норрчепинг» командалары. Ал В тобында Данияның «Орхус», Швецияның «Хаккен» және Чехияның «Славия» клубтары шеберлік байқасады.

«Астана» 1 ақпанда Данияның «Копенгаген» командасымен шеберлік байқасады. «Копенгаген» 1992 жылы құрылған. Бүгінгі күнге дейін өз елінің 13 мәрте чемпионы атанса, 6 мәрте күміс, 2 мәрте қола жүлдегер болды.

Одан кейін «Астана» 4 ақпанда Данияның тағы бір командасы «Брондбю» клубымен кездеседі. «Брондбю» 1964 жылдан бері өз елінде 10 мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінген.

Халықаралық турнир 2011 жылдан бері өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін тоғыз команда жеңімпаз атанып үлгерді. Олардың қатарында Данияның «Мидтьюлланн», «Копенгаген», «Орхус», Ресейдің «Зенит», «Динамо» (Мәскеу), Австрияның «Рапид Виен», «Ред Булл Зальцбург», Швецияның «Эльфсборг», Хорватияның «Риека» командалары алтыннан алқа тақты.





Соңғы жаңалықтар