Футбол: «Барселона» Еуропа чемпиондары лигасының жеңімпазы атанды

АСТАНА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Испанияның «Барселона» клубы футболдан 2008/2009 жылғы маусымдағы Еуропа чемпиондары лигасының жеңімпазы атанды.
None
None
Кеше Италия астанасы Римдегі «Стадио Олимпико» стадионында өткен финалда «Барселона» Англияның «Манчестер Юнайтед» командасын 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Испандық клубқа жеңіс сыйлаған голдардың авторлары камерундық легионер - Самуэля Это'О (10-шы минөт) және аргентиналық легионер - Лионеля Месси (70 минөт). Осылайша «Барселона» өз тарихында үшінші мәрте чемпиондар лигасының кубогын жеңіп алды. Сөйтіп олар бұл маусымда аталмыш турнирде бірде-бір ойында жеңіліп көрмеген, ақтық сынға дейінгі 25 кездесуде жеңіске жеткен ағылшындық клубтың арынын басты. Ал, «Манчестер Юнайтед» болса қарт құрлықтағы осы мәртебелі турнирде қатарынан екі мәрте жеңімпаз атану мүмкіндігін уысынан шығарып алды. Айта кетейік, былтырғы маусымда «Манчестер Юнайтед» осы турнирде Еуропаның ең мықты командасы атанған болатын. Сөйтіп олар атақтарын қорғап қалуға мүмкіндік алған еді. Алайда, кешегі ойында жылдар бойы жалғасып келе жатқан дәстүр бұзылмады. Әзірге бірде-бір клуб Еуропа чемпиондары лигасының кубогын қатарынан екі мәрте иелене алмай-ақ қойды. Енді мұндай мүмкіндік «Барселонаға» туып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум