Футбол: Бірінші лигада «Ақжайық» «Қыранды» 10:2 есебімен ұтты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Бірінші лига командалары арасында ел чемпионатының бесінші турында Оралдың «Ақжайығы» «Қыранды» (Шымкент) қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Айбатыр Нұраш

Қазақстандық маман Игорь Прохницкий жаттықтыратын оралдықтар биыл премьер-лигаға оралудан үмітті болғанымен, өткен турда Астанада «Жеңіске» есе жіберген еді.

Бұл жолы 8-минутта Микола Агапов есеп ашқанымен, қонақтардан Едіге Оралбай қатарынан қос голдың авторы атанып, командасын алға шығарды. Дегенмен 44-минутта Завен Бадоян таразы басын теңестірді. Тайм соңында «Қыраннан» Серікжан Абжал алаңнан қуылып, Евгений Кобзарь пенальтиді дәл орындады – 3:2.


Екінші кезең «Ақжайықтың» толықтай басымдылығымен өтіп, З.Бадоян, М.Агапов, Мейрам Сапанов, Эльдар Абдрахманов, Максим Гладченко, Арман Смаилов өз мүмкіндіктерін мүлт жібермеді. Тағы бір голды Азамат Аманбай өз қақпасына соғып алды.

Осылайша, 10:2 есебімен жеңіске жеткен оралдықтар 5 ойыннан кейін 10 ұпай жинап, көш бастады. Бірақ негізгі қарсыластарының бір ойыны кем.

«Ақжайық» келесі кездесуін 10 мамырда сырт алаңда «Академия Оңтүстік» командасымен өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Қайраттың» футболдан Қазақстан кубогінің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ норвегиялық шабуылшы Эрлинг Холанд Ағылшын чемпионатында абсолютті рекорд орнатты.



Соңғы жаңалықтар