Футбол: бүгін «Ақжайық» сырт алаңда «Таразбен» күш сынасады

ОРАЛ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан ҚР чемпионаты премьер-лигасының екінші турында Оралдың «Ақжайығы» Таразда жергілікті командамен күш сынасады.
None
None

«Тараз» да, «Ақжайық» та бірінші турда ірі есеппен жеңіске жеткен болатын. «Тараз» 4:1 есебімен «Атырауды» тізе бүктірсе, оралдықтар 3:0 есебімен ел чемпионы «Шахтерді» жеңген еді.

Өткен жылғы маусымда «Ақжайық» бірінші айналымда өз алаңында «Таразды» 3:0 есебімен ұтса, біріншіліктің екінші кезеңінде тараздықтар 3:2 есебімен есе қайырған болатын.

Соңғы жаңалықтар