Футбол: Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

Жарыстың аталмыш сатысында барлығы 16 команда сынға түседі. Бұл командалар төмендегіше жұп құрады. Енді «Боруссия Дортмунд» (Германия) мен ПСЖ (Франция), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия), «Аталанта» (Италия) мен «Валенсия» (Испания), «Атлетико Мадрид» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) командалары кездеседі. Сондай-ақ, «Челси» (Англия) мен «Бавария» (Германия), «Лион» (Франция) мен «Ювентус» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия) мен «РБ Лейпциг» (Германия), «Наполи» (Италия) мен «Барселона» (Испания) командалары кездеседі.
Чемпиондар лигасы 1/8 финалдық ойындары 18-19, 25-26 ақпан күндері өткізілсе, қарымта кездесу 10-11, 17-18 наурыз күндері болады.
Финал 30 мамырда Түркияның Стамбул қаласындағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионында өтеді.